бап. Республика министрлiгi

1. Министрлiк тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiктi Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2-1. Министрлiк Республика Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
2-2. Министрлiктiң құрылымын министрлiктiң жауапты хатшысы бекiтедi.
Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады.
Министрлiк департаменттерi мен басқармаларының жиынтығы министрлiк аппараты болып табылады.
3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379, өзгерту енгiзiлдi - 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңдарымен.

23-бап. Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы
орган

1. Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын Қазақстан Республикасының агенттiгi Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттiк тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады.
3. Агенттiктiң құрылымын агенттiктiң жауапты хатшысы бекiтедi және, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.
Агенттiк департаменттерi мен басқармаларының жиынтығы агенттiк аппараты болып табылады.
4. Агенттiк төрағасының жанынан алқа құрылады, ол консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сан және адам құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
5. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң актiлерi болып табылады.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379, өзгерту енгiзiлдi - 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңдарымен.



24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы

1. Республиканың орталық атқарушы органының комитетi ведомство болып табылады.
Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерi болуы мүмкiн.
2. Ведомствоны тиiстi орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Үкiметi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
3. Ведомство басшысын тиiстi орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органы құзыретiнiң шегiнде бақылау және (немесе) iске асыру функцияларын жүзеге асырады.
5. Ведомство шығаратын актiнiң нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
Ведомствоның актiлерiн толығымен не бiр бөлiгiнде күшiн жоюды не тоқтата тұруды құрылымына ведомство кiретiн орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
6. Ведомствоның құрылымын тиiстi орталық атқарушы органның жауапты хатшысы бекiтедi. Ведомствоның құзыретiн және оның өзге мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл тәртiбiн осы ведомство құрылымына кiретiн орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.



25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң
қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық
жағынан қамтамасыз ету

1. Республика Премьер-Министрi мен Yкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Республика Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
2. Премьер-Министрдiң Кеңсесiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртiбi, Премьер-Министр Кеңсесi басшысының және оның өзге де мемлекеттiк қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы, оларды қызметке тағайындау мен қызметтен босатудың тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

26-бап. Республика Үкiметi жанындағы
консультативтiк-кеңесшi органдар

1. Республика Үкiметi жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу
тәртiбi

Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Президентi


4487173988558098.html
4487217393316909.html
    PR.RU™